2259

Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленген елорданың 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы астаналықтармен бірге мақұлданады

Астанада 2050 жылға дейінгі елорданың даму стратегиясын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен 2018 жылдың қорытындысы мен 2019 жылдың жоспарларына арналған қала активінің кеңейтілген аппараттық кеңесі өтті.

«Мемлекет басшысы біздің алдымызға Астананы жаһандық қалаға айналдыру міндетін қойды, ол креативті адамдарды, таланттарды, жастарды, сондай-ақ туристер мен шетелдік инвесторларды тартудың негізгі орталығына айналады. Әрине, бұл үшін бізге заманауи урбанистік шешімдерді, қала құрылысына бағытталған жаңа тәсілдерді қолдану қажет», – деді әкім.

Оның айтуынша, қала стратегиясы тек «құрғақ» бюрократиялық құжат болмайды. Жаңа стратегия мүдделі тұлғалардың – қала тұрғындарының, кәсіпкерлердің, сарапшылардың, оның ішінде халықаралық сарапшылардың кең ауқымды пікірін ескере отырып әзірленетін болады.

«Біз өз қаламыздың тағдырына немқұрайлы қарамайтын әрбір адамның Астананы одан әрі дамыту жөнінде өз ұсыныстарын айта алатын көптеген тыңдаулар өткіземіз. Барлық талқылаулардан кейін біз қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа стратегияны таныстыруды жоспарлап отырмыз. Стратегия біз үшін, бір жағынан, «болашақтың жобасы», екінші жағынан, алға қойылған міндеттерге қол жеткізудің «осы жерде және қазір» іс-қимылына нақты нұсқау болады», – деп түйіндеді сөзін Бақыт Сұлтанов.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109