2767

Астана өңірлер арасында алғаш болып 2050 жылға дейінгі қаланың даму стратегиясын әзірлеуде

Елордада 2050 жылға дейінгі Астананың даму стратегиясы әзірленуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен қала активінің кеңейтілген аппараттық кеңесі өтіп жатыр.

«Астананы дамыту мәселесі Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында. Ел Президенті айтқан жаңа мақсаттар мен міндеттер қаланың ұзақ мерзімді дамуын түзетуді талап етеді. Сондықтан біз Астананың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуге кірістік», – деді Бақыт Сұлтанов.

Қала әкімінің айтуынша, 2030 жылға қарай халық саны 2 млн адамға дейін өссе, 2050 жылға қарай 3 млн адамнан асады деп күтілуде.

Осыған байланысты, Астананы жаһандық қала ретінде дамыту бірнеше негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

«Біріншісі – адами даму. Қаланың басты капиталы – тұрғындар. Таланттарды тарту және олардың қаладан кетуін болдырмау үшін қалалық ортаны барынша тартымды және жайлы ету керек. Ең алдымен, бұл – қолжетімді, сапалы тұрғын үй, қауіпсіз қоғамдық көлік, денсаулық сақтау мен білім берудің жоғары сапасы, қоғамдық қауіпсіздік.

Екіншісі – қаланың креативті экономикасы. Мемлекет басшысы атап өткендей, Астананың тартымды туристік дестинациясын өзгерте отырып, ақылды және мейірімді қалаға айналуына ерекше көңіл бөлінетін болады. Бұл қонақжайлылық атмосферасын қалыптастырып, тұрғындар мен туристер үшін қалалық сервисті жақсарту да.

Астана жаһандық сауда ағындарының хабына, ең ірі тұтыну нарығына және елдің негізгі көлік-логистикалық торабына айналуы тиіс. Тиісінше, бұл – қала қазынасына қосымша салықтар.

Үшінші – қалалық жоспарлау. Бұл стратегиялық қалалық жоспарлаудың жаңа форматына көшуді білдіреді. Ол үшін біз 2035 жылға дейін Астананы дамытудың жоспарын әзірлейміз», – деп атап өтті Б.Сұлтанов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109