4133

Астана әкімдігі миллион теңгелік 2000 тұрғын үй сертификатын береді

Білім беру, денсаулық сақтау, полиция департаменті қызметкерлеріне 1 млн теңге көлемінде тұрғын үй сертификаттары беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен 2018 жылдың қорытындысы мен 2019 жылдың жоспарларына арналған қала активінің кеңейтілген аппараттық кеңесі өтіп жатыр.

«Мемлекет басшысы ауқымды «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Бүгінгі таңда Астана бойынша екінші деңгейдегі банктер жалпы сомасы 20,4 млрд теңге болатын несиелерді мақұлдады, бұл 1400 отбасын пәтерлермен қамтамасыз етеді (13,1 млрд теңге 874 отбасыға бөлінді). Бағдарлама қолжетімді болуы үшін біз жергілікті бюджеттен білім беру, денсаулық сақтау және полиция қызметкерлеріне тұрғын үй сатып алуға 1 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек береміз», – деді Бақыт Сұлтанов.

Өткен жылдың аяғында бюджеттік сала қызметкерлері алғашқы 100 субсидияны алды. 2019 жылы елорда әкімдігі тағы 2 мың сертификатты беруді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, құрылыста проблемалық мәселелердің бірі – құрылысы аяқталмаған нысандар немесе «ұзақ құрылыс» нысандары.

«Қалада мұндай нысандар саны – 29 (10344 үлескер). Үлескерлердің проблемасын шешу үшін біз 2020 жылдың соңына дейін барлық проблемалық нысандардың құрылысын аяқтау жөніндегі Жол картасын әзірледік. Қазіргі таңда нақты экономикалық есептеулер жүргізіліп жатыр. Біз бұл проблеманың шешімін табуға тырысамыз», – деп түйіндеді сөзін Б.Сұлтанов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109