1549

Бақыт Сұлтанов: Елорда бюджеті әлеуметтік бағдарлы болып табылады

2019 жылы елорда әкімдігі жұмысының негізгі бағыты Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының өмірлік маңызы бар салаларын дамыту болып табылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен 2018 жылдың қорытындысы мен 2019 жылдың жоспарларына арналған қала активінің кеңейтілген аппараттық кеңесі өтіп жатыр.

2018 жылы бағдарламалық-нысаналы бюджеттеу қағидаттарында үш жылдық бюджетті қалыптастыру шеңберінде үлкен жұмыс атқарылды, яғни бюджеттік шығыстардың негізгі бағыттары қаланы дамытудың жалпы стратегиясымен байланыстырылған.

«Мемлекет басшысы қаланы дамытудың жаңа моделін әзірлеуді тапсырды. Жаңа бюджеттік цикл шеңберінде мемлекеттік сатып алуды алдын ала жоспарлау тетігі көзделген, яғни конкурстардың негізгі бөлігі жариялануы тиіс. Сондықтан әрбір әкімші мердігердің барлық жұмыстары мен қызметтерін орындағанға дейін осы мәселені бақылауда ұстауы қажет. Біз қала бюджетін басқарудың тиімділігін арттырып, халықтың мұқтаждығы мен қажеттіліктеріне қарай бюджеттік шығыстардың нәтижелілігін бағалаудың объективті жүйесін қалыптастыруға ниеттіміз», – деді қала әкімі.

Тұтастай алғанда, 2019 жылға арналған елорда бюджеті 425,9 млрд теңгені құрады, оның 160, 0 млрд теңгесі – даму бюджеті.

«Президенттің Жолдауында адами капиталды нығайту, әр адамға инвестиция салу басты назарда. Сондықтан денсаулық сақтау және білім беру бұл – басым тәртіппен қаржыландырылған және қаржыландырылатын салалар. Мәселен, әлеуметтік саланың инвестициялық жобаларын дамытуға 2019 жылы 23,2 млрд теңге, оның ішінде білім беруге – 23,1 млрд теңге, денсаулық сақтауға 136,9 млн теңге қарастырылған», - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Қазіргі уақытта Астанада мектепке дейінгі мекемелерде 48,5 мың бала және мектеп жасындағы 146 мың бала бар. Олардың санының жыл сайынғы өсуін ескере отырып, осы жылы 7 мектеп пен мектепке жапсарлас 5 ғимараттың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Тағы екі мектеп, мектепке жапсарлас үш ғимарат, 1 кәсіби техникалық байланыс және энергиямен қамтамасыз ету мектебі, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақшаның құрылысы жалғасады.

«Әлеуметтік сала нысандарына кірме жолдарды жүргізу үшін және 8,2 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізуге, оның ішінде қала шетіне 5,3 млрд теңге бөлінген.

Жалпы көлік инфрақұрылымын дамытуға 24,3 млрд теңге қарастырылған. Олар шағын айналма жол құрылысы, тұрғын алаптардағы жолдар мен инженерлік желілерді, Ш.Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскедегі № 27 көшені салу және қайта жаңарту жұмыстарын жалғастыруға бағытталады», – деп атап өтті елорда әкімі.

Биыл елорданың барлық энергия кешенін жаңғыртуға, кеңейтуге және қайта жаңартуға, жылу энергетикалық жүйені дамытуға 36,2 млрд теңге бөлінген.

ТКШ инфрақұрылым нысандарын дамытуға бағытталған 53 млрд теңге қаражат нөсер кәріздерін дамытуды жалғастыруға, жаңа нысандардың желілері мен коммуникацияларын салуға жұмсалады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109