4170

Жастар жылында Астанада жастар ресурстық орталығы ашылады

Онда Азаматтық бастамалар орталығы да орналасатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2018 жылдың қорытындылары мен 2019 жылдың жоспарларына арналған қала активінің кеңейтілген аппараттық кеңесі барысында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қазіргі таңда елордада «Астана жастары – 2019» атты өңірлік жол картасы әзірленгенін мәлімдеді.

«Өздеріңізге мәлім, 2019 жылды Елбасы «Жастар жылы» деп жариялады. Қазіргі уақытта «Астана жастары - 2019» атты өңірлік Жол картасы әзірленді. Құжат 11 өзекті бағытты қамтитын 90 жобадан тұрады. Бұл жастар инфрақұрылымын дамыту, білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, қолжетімді баспана, бизнесті дамыту және қаржылық сауаттылық, талантты жастарды қолдау және тағы да басқа маңызды салаларды қамтиды», - деп атап өтті әкім.

Бақыт Сұлтанов осы ретте Жастар жылының аясында елордада жастар ресурстық орталығын ашу қажеттігін алға тартты.

«Жастар жылы аясында Жастар сарайының базасында Жастар ресурстық орталығын ашуымыз қажет. Ол қаладағы барлық жастар ұйымдарының институционалдық қызметтерінің сапасын жақсартатын және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын арттыратын орталық болады. Сонымен қатар, онда Азаматтық бастамалар орталығы да орналасады», - деп мәлімдеді ол.

Еске салайық, бүгін қалалық әкімдікте Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен 2018 жылдың қортындылары мен 2019 жылдың жоспарларына арналған қала активінің кеңейтілген аппараттық кеңесі өткен болатын.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109