4484

Астанада 2019-2023 жылдарға арналған елорданы жинақы салу жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

2019-2023 жылдарға арналған Астананы жинақы салу жөніндегі кешенді жоспар туралы қала әкімі Бақыт Сұлтанов қала активімен өткен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осылайша, көлік инфрақұрылымы саласында, білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ, газбен қамту және нөсерлік кәріз жүйесінде өзгерістер орын алатын болады.

Әкімнің айтуынша, қалалық ортаның сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға дейін 121 км жол, 2 көліктік жол айрығы, 3 көпір, 1 жол өтпесі, 1 тоннель, сондай-ақ 1-ші кезекте жеңіл рельсті көлік (LRT) салу жоспарланып отыр.

«Көлік қаңқасын қалыптастыру елорда жолдарында көлік коллапс туындау ықтималдығының алдын алуға және негізгі магистраль жеңілдетуге мүмкіндік береді», деді Бақыт Сұлтанов.

Әкімнің пікірінше қаланы дамытудың маңызды бағыттарының бірі – білім беру саласы. Мәселен, 2023 жылға дейін өсімге байланысты 120-дан астам жаңа орын ашу жоспарланған.  Осыған байланысты 37 мектеп, мектепке жапсарлас 10 ғимарат салынады. Мектепке дейінгі білім беру саласында 25 балабақша салынады деп жоспарлануда.

Денсаулық сақтау саласында 15 нысанды салу жоспарланған.

Өзгерістер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында да орын алады.  Бақыт Сұлтанов тұрғындар үшін 150 км сумен жабдықтау желілері, 81 км су бұру желілері, 2-ЖЭО қайта жаңарту жүргізілгенін, 3-ЖЭО 1 және 2-кезектегі  құрылысы жүріп жатқанын айтты.

Сонымен қатар, өзгерістер өзекті мәселелер қатарындағы нөсерлі кәріз жүйесіне де қатысты болады. Бұл негізгі қала аудандарында нөсер жаңбыр кезінде суды ағызу бойынша туындайтын проблемаларды жоюға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, әкім Елбасы өткен жылы іске қосқан «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасына да тоқталды.

«Біз осы бағдарлама қолжетімді бола түсуі үшін білім, денсаулық, полиция қызметкерлеріне жергілікті бюджеттен 1 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек береміз», - деді Б.Сұлтанов.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа жыл алдында әкімдік алғашқы 100 субсидия (сертификат) табыстаған болатын. Осы жылы тағы 2 000 сертификатты ұсыну жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109