4529

Астанада қалалық туризм бойынша дүниежүзілік саммит өтеді

Туризм саласындағы осындай ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет өткізілгелі отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорда билігі Астананың іскерлік туризм және инновациялар орталығы ретіндегі мәртебесін нығайту бағытындағы шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда. Қала активімен кездесу барысында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов биыл елордада қалалық туризм бойынша Дүниежүзілік UNWTO саммиті өтетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, сегізінші мәрте өткізілгелі отырған саммит Орталық Азияда тұңғыш рет ұйымдастырылмақ. Жиынның Қазақстанның бас қаласында өтетіні Оңтүстік Кореяның астанасында ұйымдастырылған 7-ші жаһандық UNWTO саммиті кезінде белгілі болды.

Сонымен қатар, Routes Silk Road авиамаршруттар форумы, Comic Con костюмдер фестивалін өткізумен қатар, Женева қаласында орналасқан Халықаралық Seedstars бизнес-акселераторымен бірлесіп, «Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағында қалалық инновациялық алаңды ашу көзделіп отыр. Бұл ТМД-да Seedstars басқаратын алғашқы коворкинг-орталық болады, оның желісіне 70 мыңнан астам стартапшы, кәсіпкерлер мен инвесторлар енеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109