4231

Елорда әкімдігінде қала активінің отырысы өтті

Жиын барысында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қала активімен 2018 жылдың қорытындылары мен осы жылға арналған жоспарларды талқылады. 

 «Мемлекет басшысы біздің алдымызға Астананы жаһандық қалаға айналдыру міндетін қойды. Елордамыз жасампаз адамдар, таланттар, жастар, сондай-ақ, туристер мен шетелдік инвесторлар бас қосатын негізгі орталыққа айналуы тиіс. Әрине, ол үшін біз қала құрылысына қатысты көп орталықтылыққа бағытталған заманауи урбанистикалық шешімдерді, жаңа тәсілдерді пайдалануымыз қажет», - деп мәлімдеді Бақыт Сұлтанов.  

Осы орайда елорданы жаһандық қала ретінде дамыту бірнеше негізгі бағыт бойынша жүргізіледі деп жоспарлануда.

«Біріншісі – адами даму. Қаланың басты капиталы – оның тұрғындары. Таланттарды тарту, олардың шаһардан кетуін болдырмау үшін қалалық ортаны барынша жағымды әрі ыңғайлы ету керек. Бірінші кезекте, бұл – қолжетімді баспана, қауіпсіз қоғамдық көлік, денсаулық сақтау мен білім беру салаларының жоғары сапасы, қоғамдық қауіпсіздік», - деп түсіндірді әкім.    

«Екіншісі – қаланың креативті экономикасы. Мемлекет басшысы атап өткендей, Астананы тартымды туристік дестинацияға трансформациялау арқылы оны ақылды да мейірімді қалаға айналдыру жұмыстарына көп көңіл бөлінетін болады. Бұл қонақжайлылық атмосферасын қалыптастыру, тұрғындар мен туристер үшін қалалық сервисті жақсарту да. Астана жаһандық сауда ағындарының хабына, ең ірі тұтыну нарығына және елдің негізгі көліктік-логистикалық торабына айналуы тиіс. Тиісінше бұл – қала қазынасына түсетін қосымша салықтар», - деп атап өтті Б. Сұлтанов.

Үшіншісі – қалалық жоспарлау. Бұл стратегиялық қалалық жоспарлаудың жаңа форматына көшуді білдіреді. Осы орайда қала әкімдігі Астананың 2035 жылға дейінгі дамуының Жоспарын әзірлеп жатыр.

Бақыт Сұлтановтың айтуына қарағанда, бүгінгі таңда қала экономикасының жартысынан көп бөлігі шағын және орта бизнес есебінен қалыптасып, 58,5% құрайды. Астана – аталмыш межені аттаған елдегі жалғыз қала-өңір.

Жалпылай алғанда, қалада 100 мыңнан астам бизнес субъектісі жұмыс істейді (2017 жылмен салыстырғанда 18% өскен). Соңғы сегіз жылда олардың саны шамамен бес есе өскен. Әр үшінші астаналық кәсіпкерлік саласында жұмыс істейді (333,9 мың адам жұмыспен қамтылған). Бюджетке құйылатын салықтық түсімдердің жартысынан көп бөлігін (53%) шағын және орта бизнес субъектілерінен түсетін салықтар құрайды (560 млрд. тенге).

 «Жалпылай алғанда 2018 жылы тартылған инвестиция көлемі 1трлн теңгеден асады. Олардың құрылымында да оң өзгерістер байқалып отыр. Бұрын қаланың дамуына тартылатын инвестицияның көп бөлігі мемлекеттік бюджеттен түссе (2009 жылы шамамен 53%), қазір бюджеттік инвестицияның үлесі едәуір қысқарып отыр. Осылайша бүгін қала инвестицияларының 90% жеке бизнес қалыптастырса, шағын бизнес елорданың басты инвесторы болып табылады», - деп қосты әкім.

Қала активімен өткен жиын барысында Бақыт Сұлтанов 2019 жылға арналған негізгі жоспарлармен бөлісіп, қаланың өмірлік маңызды салаларын дамыту жұмыстың негізгі бағыты болатынын алға тартты.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау және білім беру салалары бұрынғыдай міндетті түрде қаржыландырылатын салалар болып қала бермек. Осылайша, 2019 жылы білім беру және денсаулық сақтау салаларының инвестициялық жобаларын дамытуға 23,2 млрд теңге қарастырылған. 

Қазіргі таңда Астанада мектепке дейінгі білім беретін ұйымдарда 48,5 мың бала тәрбие алса, 146 мың бала мектепте оқиды. Жыл сайынғы өсім есепке алына отырып, биыл 7 мектеп пен мектепке жапсарлас 5 ғимараттың құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2 мектеп, мектепке жапсарлас 3 ғимарат, 1 кәсіби бейімдендіру мектебінің және көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған  балабақшаның құрылысы жалғасатын болады.

Әлеуметтік маңызы бар нысандарға кіру жолдарын салу және 8 шақырымнан астам жолды орташа жөндеуден өткізуге 5 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде қала шетіндегі көшелердің жолдары да бар.  

Жалпылай алғанда, көліктік инфрақұрылымды дамытуға 24 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады деп жоспарлануда. Аталмыш қаражат Кіші айналма жолдың құрылысына, жолдар мен тұрғын үй алаптарындағы, № 27 көшенің Ш. Бейсекова көшесі мен Тұран даңғылының арасында жатқан бөлігіндегі инженерлік желілерді күрделі жөндеуден өткізуге бағытталмақ.

Азаматтардың өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Астананың бар энергетикалық кешенін жаңғырту, кеңейту және күрделі жөндеуден өткізуге және қаланың жылу-энергетикалық жүйесін дамытуға 36 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр.

ТКШ нысандарын, инфрақұрылымды дамытуға 53 млрд теңге бөлінеді. Қаржы нөсер суды қабылдайтын кәріз жүйесін дамыту жұмыстарын жүргізуді жалғастыруға, жаңа нысандардың желілері мен коммуникацияларының құрылысына бағытталатын болады. 

Шараға мемлекеттік органдардың басшылары, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109