2618

Ұлттық музейде Дюрер, Дали және Шагал графикасы ұсынылады

Еліміздің бас музейіне өткен жылы 200 мыңға жуық адам келді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 17 қаңтарда мұнда Альбрехт Дюрер, Марк Шагал, Хоана Миро, Пьер-Огюст Ренуар, Пабло Пикассо, Сальвадор Далидің графикалық жұмыстары ұсынылатын көрме ашылмақ.

Бұдан басқа, Әбілхан Қастеев, Орал Таңсықбаев, Жанатай Шарденов, Шаймарден Сариев, Сахи Романов, Тоқболат Тоғызбаев, Алексей Степанов, Евгений Сидоркин қазақ кескіндеме өнері корифейлерінің жұмыстары қойылады.

2018 жылы Ұлттық музей экспозициясын тамашалауға 199 356 адам келген болатын.Мұнда 60 көрме ұйымдастырылды.

«Музейге келушілердің қызығушылығын тудырған ең көрнекті залдардың қатарында алтын зал, этнография және Тәуелсіз Қазақстан залы бар. Өткен жылғы уақытша көрмелерден «Третьяков галереясының коллекциясынан XX ғасырдың 50 жауһары көрмесін» тамашалауға келгендердің саны көп болды», - деп атап өтті музейдің баспасөз қызметінде.

Қазақстанның Ұлттық музейі – Орталық Азиядағы ең жас және ең ірі музей.          

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109