3494

Оқушы ішінде 112 мың теңгесі бар әмиянды иесіне қайтарып берді

Әмиян иесі оқушға және оның он ата-анасына осындай ниеті адал баланы тәрбиелеп отырғандарына алғысын айтты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық полиция департаментінде белгілі болғандай, 8 қаңтарда №28 орта мектептің 11-сынып оқушысы Илья Шавиков Кенесары көшесінің бойында ішінде 112 мың теңгеден астам ақшасы мен банк карталары бар әмиянды тауып алған.

«Оқушының айтуынша, ол және оның ата-анасы әлеуметтік желілерде полиция департаментінің Табылған заттар бюросы туралы хабарландыруларын көріп, табылған әмиянды иесіне қайтару үшін сол жерге хабарласқан», - делінген хабарламада.

9 қаңтарда Табылған заттар бюросы әмиянның иесін анықтады. Ал оқушы затты ақшасымен бірге иесіне қайтарып берген.

«Әмиян иесі оқушыға және оның ата-анасына осындай ниеті адал баланы тәрбиелеп отырғандарына алғысын айтты. Полиция да оқушыға азаматтық белсендігі үшін, оның ата-анасына ұлдарын дұрыс тәрбиелегені үшін алғысын білдірді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астанада ПД Ақпараттық-аналитикалық орталығының Табылған заттар бюросы жұмыс істейді. Күші жойылған құжаттарды қалпына келтіру анықтамасын бюро тегін береді.

Астана қаласы ПД Табылған заттар бюросының жұмыс кестесі: сағ 08:30-дан 18:30-ға дейін, түскі үзіліс уақыты сағ.12:30-дан-14:30-ға дейін.

Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі,19. Жұмыс телефоны: 95-15-49, 71-60-32.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109