11353

Астана әкімдігі халыққа есеп беру кездесулерін өткізеді

Қалалықтар атқарушы органдардың істеген жұмысымен танысып, қаланы дамыту мен қалалық қызметтердің жұмысын жақсартуға қатысты өздерінің ұсыныстарын білдіре алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

21-31 қаңтар аралығында қаланың ашық алаңдарында халыққа және елорда аудандарының еңбек ұжымдарына есеп беру кездесулері ұйымдастырылатын болады. Тұрғындар шараға өз ниетімен қатысып, қаланы дамытудың барлық бағыттары бойынша өз ұсыныстары мен кеңестерін білдіре алады.

Халық алдында есепті Алматы, Байқоңыр, Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдері береді.

Сонымен қатар, 11-15 ақпан аралығында қала  активі елорда әкімінің орынбасарлары: Сергей Хорошунның, Ермек Аманшаевтың, Қосман Айтмұхаметовтың, Асқар Әмрин мен Малика Бектұрованың есебін тыңдайды.

Азаматтарды қабылдау кестесі төменде келтірілген.

Астана қаласының әкімдігі елорда өміріне бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды кездесулерге қатысып, қала дамуына өз үлесін қосуға шақырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109