2510

Қала тұрғындарын сұйытылған газды аккредиттелген фирмалардан сатып алуға шақырды

Мұндай ұйымдар баллон газын Астана аумағында тегін жеткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Төтенше жағдайларды болдырмау үшін отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы қала тұрғындарын газ баллондардан тек аккредиттелген ұйымдардан ғана сатып алуға шақырады. Астанада мұндай төрт компания бар.

«Астанагазсервис» АҚ («Бейбарыс газ» сауда маркасы). Жеткізу қызметінің телефондары: 49-34-34, 23-33-06. Бағасы: 10 кг – 1300 теңге. Жеткізудің шекті мерзімі: өтінім берілген сәттен бастап 24 сағат. Демалыс: жексенбі.

«LPG Дистрибьюшн» ЖШС («Жігер Газ»сауда маркасы). Жеткізу қызметінің телефондары: 97-83-83, 8 (701) 990-18-88. Бағасы: 10 кг – 1300 теңге, 20 кг-2600 теңге. Жеткізудің шекті мерзімі: өтінім берілген сәттен бастап 24 сағат. Демалыссыз.

«Горгаз Астана 2050» ЖШС. Жеткізу қызметінің телефондары: 1304, 40-78-78, 8 (701) 960-66-448 (707) 181-02-18. Бағасы: 10 кг – 1300 теңге, 8 кг-1100 теңге. Демалыссыз.

«Коммерц Трейд» ЖШС. Жеткізу қызметінің телефоны: 49-96-63. Бағасы: 10 кг – 1300 теңге. Жеткізудің шекті мерзімі: өтінім берілген сәттен бастап 24 сағат. Демалыссыз.

Аталған ұйымдар баллонды газды жеткізуді қала аумағында тегін жүзеге асырады.

«Газбен жабдықтау саласындағы заңнама бұзылған жағдайда (автожанармай құю станцияларында газ баллондарын толтыру, тиісті құжаттарды ұсынбау) іKomek әкімдігінің бірыңғай байланыс орталығына 109 телефоны бойынша, сондай-ақ #astana109 хэштегімен әлеуметтік желілерде дереу хабарлауды сұраймыз», – деп атап өтті басқармада.

Белгілі болғандай, Астананың жекеменшік секторының көптеген тұрғындары тамақ дайындау және жылыту үшін сұйытылған газды пайдаланады. Газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының сақталмауы мен немқұрайлылық өртке, жарылысқа әкелуі мүмкін.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңға сәйкес авто-газ құю стансыларында газ баллондарын толтыруға тыйым салынады.

«Газ желісі ұйымдары мен газ толтыру пунктерінің иелері тұрмыстық баллондарда газ сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алуды жүзеге асыруға, толтырылатын баллондарды техникалық жарамдылығы тұрғысынан тексеруге, тұрмыстық баллондарды газ желісі ұйымының немесе газ толтыру пункті иесінің тауарлық белгісімен таңбалауды жүзеге асыруға, тұтынушыларға сатылатын әрбір тұрмыстық баллонға кепілді сапа талонын беруге, газ баллон қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ, биіктігі екі қабаттан асатын көппәтерлі тұрғын үйлерде газ баллонын пайдалануға тыйым салынады», – деп еске салды басқармада.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109