2297

№ 29 бағдар өз қозғалыс бағытын өзгертеді

Енді ол «Жағалау-4» ауданына соғатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа сызба бойынша қоғамдық көлік осы сенбіден бастап жүретін болады.

«Мұндай жаңашылдықты енгізуміздің басты мақсаты – Е-10 көшесінің тұрғындарын («Құлагер», «Шығыс», «Сity lake», «Аққу», «Green Park», «Зеленый квартал», BI City Seoul», «Smart city» тұрғын үй кешендері), сондай-ақ «Жағалау-4» ТК көліктік қызметпен қамтамасыз етуді оңтайландыру», - делінген «Astana LRT» ЖШС баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қоғамдық көлік бастапқы ««Хан шатыр» СОСО» аялдамасынан Тұран даңғылының бойымен жүріп, оңға бұрылып, Е-10 көшесіне өтеді. Е-10 көшесінің бойымен қозғалатын автобус бұдан кейін солға бұрылып, Ш. Айтматов көшесімен, содан соң солға бұрылып, Е-16 көшесімен «Жағалау-4» ТК дейін жүреді. Бұдан кейін қоғамдық көлік айналып, Тұран даңғылы мен Е-10 көшесінің қиылысына дейін жоғарыда көрсетілген қозғалыс сызбасына, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес жүретін болады.  

Кері бағытта автобус бастапқы ««Дәурен» балабақшасы» аялдамасынан соңғы ««Хан шатыр» СОСО» аялдамасына дейін өзгеріссіз қозғалатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109