1558

Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия жаңа жылдағы алғашқы отырысын өткізді

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында 44 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Комиссия 8 істі қарады. Олардың бесеуі – Алматы ауданы, екеуі  – Сарыарқа және біреуі – Байқоңыр аудандары бойынша істер. Қала әкімінің бас инспекторы Римма Иманғазинованың айтуынша, отырыс қорытындысы бойынша материалдар профилактикалық әңгіме өткізуге, білім беру ұйымына анықтауға, ата-ана құқықтарын шектеуге және девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатқа жіберуге ұсынылды.

«Біз тек баламен ғана емес, отбасыдағы жағдайды қарастырамыз. Егер ата-аналардың тәуелділігі бар болып, жұмысы жоқ болса, бала үшін жағдай жасалмаса, онда білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау басқармалары сияқты жергілікті атқарушы органдардың өкілдері отбасының проблемаларын шешу жолдарын қарастырады. Мысалы, тәуелділігі бар ата-аналарды тексеріп, емдейміз және қажет десеңіз, жұмысқа да орналастырамыз. Бала бұл кезеңде туыстарының қамқорлығына беріледі немесе кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылады. Осылайша, біз бұл отбасын қиын жағдайдан алып шығамыз. Аталған жұмыстардың барлығын комиссия мүшелерінің арқасында жүргіземіз. Баланың мінез-құлқы түзетіліп, оң өмір салтын ұстанып, ортаға тартылған кезде, оны есептен шығарамыз», – деді Римма Иманғазинова.

Өз кезегінде, Астана қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция басшысы Әсет Сыздықов өткен жылдың қорытындысы бойынша жасөспірімдер қылмысын алдын алу мақсатында 44 жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілгенін хабарлады. Сондай-ақ, 29 акция, балалардың заңды өкілсіз түнгі уақытта көшеде жүруін алдын алу бойынша 200-ге жуық жергілікті рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды.

Осы іс-шаралардың қорытындысы бойынша 5 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 1200-ден астамы – кәмелетке толмағандар, 4 мыңға жуығы – заңды өкілдер мен ата-аналар, 300-ге жуығы – жасөспірімдерге темекі мен алкоголь өнімдерін сатқан сауда-ойын-сауық орындарының иелері.

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қылмыстық әрекеттердің алдын алу, кәмелетке толмағандардың арасында қараусыздық пен панасыздық, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіретін тұрақты алқалық орган болып табылады. Комиссиядан басқа бұл жүйеге білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, қоғамдық денсаулық сақтау, қоғамдық даму істері басқармалары, ПД ЖПҚ ювеналдық полициясы кіреді. Аталған органдар өз құзыреті шегінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын, кемсітушіліктің барлық түрлерінен, физикалық және психикалық зорлық-зомбылықтан, жәбірден, дөрекі қарым-қатынастан, жыныстық және басқа қанаудан қорғауды қамтамасыз етіп, әлеуметтік жағынан қауіпті жағдайдағы кәмелетке толмағандар мен отбасыларды анықтайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109