2874

«Астаналық» сауда үйінен құжаты жоқ 900-ге жуық гаджет тәркіленді

Полиция «Тоқта-қылмыс» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.      

Жұма күні полиция қызметкерлері «Астаналық» базарының аумағы ондағы пайдаланылған телефондар сатылатын бөлімдерде   ұрланған ұялы телефондардың сатып алу және өткізілуі ықтимал орындарда рейд өткізді.

Іс-шара ұялы телефон ұрлығының жолын кесу және осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында өткізілген.

«Полиция департаментінің жеке құрамынан 70 жедел топ құрылған.  Тексеріс 144 бутик пен 75 телефон жөндеу орнында жүргізілді. «Тоқта-қылмыс» ЖПШ-сы барысында құжаты жоқ 900 гаджет пен оған қажет қосымша құрал-саймандар анықталып тәркіленді», - деп мәлімдеді полиция департаментінде.

Бұл ретте полиция қызметкерлері ұялы телефонды ұрлады деген күдікпен үш азаматты ұстады. Олар бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған екен.

«Олардың қатарында «Huawei» маркалы телефонды ұрлаған 31 жастағы Астана тұрғыны бар. Сондай-ақ, іс-шаралар барысында ұялы телефон ұрлағаны үшін екі күдікті қолға түсіріліп, УҰО қамалды», - делінген хабарламада.

Астана қаласы полиция департаменті осы азаматтардың ісінен зардап шеккен тұрғындарды Бейбітшілік көшесі,19 мекен-жайына бойынша орналасқа полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-61-71, 71-62-47, және 102  нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109