4552

«Әбу-Даби Плаза» нысанында жұмыс істейтін қазақстандық жұмыскерлердің саны 3,4 есеге арттырылады

Бүгін елорда әкімі Бақыт Сұлтанов «Әбу-Даби Плаза» көпфункционалды кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

20 желтоқсандағы жағдайға сәйкес нысанда атқарылған жұмыстардың жалпы көлемі 82% құрайды. Барлық блоктардың құрылысы жалғасып жатыр.

«R» блогында кірпішпен қалау, әрлеу және инженерлік жүйелерді орнату жұмыстары жүргізілуде. Басқа блоктарда инженерлік жүйелер мен жабдықты орнату, әрлеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ауа өткізгіш жүйелер, инженерлік жүйелер мен аспалы панельдер құрастырылып, дайындалатын өндірістік цехтың құрылысы аяқталған.  

Зәулім ғимаратты салып жатқан құрылыс компанияларының өкілдері блоктардың құрылысын аяқтау мерзімін атады. Осылайша, «H» және «P» блоктары наурызда, «Z», «O» және «Y» блоктары маусымда пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. «R» блогының құрылысы 2019 жылдың маусымында аяқталмақ.

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда «Әбу-Даби Плаза» КФК жобасы бойынша 1400 жұмыскер еңбек етеді. Олардың 56% – Қазақстан азаматтары.

Айта кету керек, 2019 жылдың шілдесіне дейін мұндағы жұмыскерлердің саны 2350 адамға дейін арттырылатын болады. Бұл ретте жергілікті жұмыскерлердің саны 3,4 есеге немесе 1605 адамға арттырылады деп күтілуде. Ал шетелдік жұмыс күші 3,6 есеге немесе 745 адамға ұлғайтылмақ. Шілдеде жұмыскерлердің санын 3300 адамға дейін арттыру көзделуде. Олардың 60-65% – жергілікті кадрлар.

«Біз басқарушы компаниямен бірлесіп, қазірдің өзінде, яғни бір жыл бұрын ғимаратқа қызмет көрсететін мамандарды даярлау жұмыстарын бастауымыз керек. Біз мамандарды қазақстандықтардан алдын ала дайындай алуымыз қажет», - Астана әкімі Бақыт Сұлтанов.   

Кездесу барысында белгілі болғандай, бүгінгі таңда жұмыскерлерге жалақы төлеу бойынша проблемалы мәселе жоқ.

 «Жалақы бойынша қарызға қатысты ешқандай шағым жоқ. Төлемдерді уақытында алып отырғандықтан, мердігер бұған бара алмайды», - дейді Aldar Properties PJSC жобасын басқару жөніндегі аға вице-президент Әбдел Хаммит Гоул.

«Әбу-Дабу Плаза» кешені түрлі саладағы блоктардан тұрады. Мәселен, онда кеңселер, қонақ үй, мейрамханалар, сауда орталығы, тұрғын үй кешені орналасады.

Кешеннің құрылысы 2011 жылдың наурызында басталған болатын. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған. «Әбу-Даби Плаза» Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болмақ. Оның биіктігі 78 қабатты немесе шамамен 382 метрді құрайтын болады.

«Әбу-Даби Плазаның» жалпы ауданы 510 мың шаршы метрден аспақ.                  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109