3620

Астанада үздік мұз мүсін анықталады

Халықаралық конкурстың ашылуы бүгін Ботаникалық бақтың аумағында өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Есіл ауданы әкімінің аппараты суретшілердің шығармашылық тәжірибе алмасуы үшін, қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді ұйымдастырып, қаланы мәдени туризм орталығы ретінде көрсету мақсатында өткізді.

«Мұз мүсіндер «Мың бір түн» тақырыбында Есіл өзенінен ойылып алынған мұздардан жасалады. Мүсіншілердің қандай мүсіндерді соғатыны біз үшін әлі де жұмбақ. Мүсіндер Ботаникалық бақ келушілерін қуантатын болады», - деді «Есіл» ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Нұрлан Омаров.

Байқауға Қазақстан, Ресей, Қытайдан 16 команда қатысуда. Қазақстандық команда Ақтөбе, Қарағанды, Ақтау, Орал, Риддер, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Ақмола облысының мүсіншілерінен құралған. Ал Астана атынан 4 команда қатысуда.

Әр команда қазылар алқасына бір мүсінді таныстыратын болады. Жеңімпаздар 16 қаңтарда белгілі болады. Бас жүлде және жүлделі орындар алғандар кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.  Басқа қатысушылар да назардан тыс қалмайды, - дейді ұйымдастырушылар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109