2599

Астанада халықаралық қар күні аталып өтіледі

Жексенбі, 20 қаңтарда, Астана Халықаралық қар күнін тойлауға өз үлесін қосады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш мереке жыл сайын Халықаралық шаңғы федерациясының (FIS) бастамасымен әлемнің 40-тан астам мемлекетінде қаңтар айының үшінші жексенбісінде аталып өтіледі.

Мерекенің мақсаты – халықты, оның ішінде, балаларды қысқы спорт түрлеріне баулу.

Астанада Қар күніне орайластырылған шара Ботаникалық бақ аумағында өтеді. Бағдарламада 18 жасқа дейінгі балалар арасында өткізілетін шаңғы жарысы, көңілді алаңқайлар, балалар байқаулары және ойын-сауықтар қарастырылған.

Қатысушылар жеке куәліктері арқылы тіркеледі. Шара өтетін аумақта шаңғыны жалға беру пункті жұмыс істейді. Жарысқа шаңғы тебе алатындардың барлығы қатыса алады. Денсаулығы мүмкіндік берсе, болғаны. Тіркелген қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша 7 топқа бөлінеді. 5 жасқа дейінгі балалар 100 м, 5-7 жастағылар 1 км, 8-12 жастағылар 2 км, 13-14 жастағылар 3 км, 14-18 жастағылар 5 км дистанцияда жарысқа түседі. Жеңімпаздар әр топта анықталып, сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-де, жарыс ресми түрде сағат 10.30-да басталады. Қатысулар үшін саябаққа Түркістан көш. немесе Бұқар жырау көшесі жағынан кірген ыңғайлы.

Жарыс регламентімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://ccsf.kz/documents/polozheniya-i-protokoly/polozhenie-vsemirnogo-dnya-snega-2019

Айта кетейік, Астанада халықаралық қар күні 2013 жылдан бері жыл сайын аталып өтіледі. Оған 200-ден аса жас шаңғышы қатысады.

                                          

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109