2074

Жұмыссыздар сұранысқа ие мамандықтарды игеруде

Мұндай мамандықтарды өткен жылы 733 адам игерді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Астананың жұмыспен қамту орталығы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқу курстарымен 733 адамды қамтыды.

Курстар мобильдік қосымшаларды әзірлеуші, киберқауіпсіздік саласындағы маманы, анимация және видеографика, тігінші, дәнекерлеуші, кран машинисі (краншы), мастер-шаштараз, тігінші, электромонтер, лифтер, бақылаушы-кассир, наубайшы, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі, әкімші, слесарь-сантехник, аспаз, сауда менеджері, маникюр шебері, массажист, кондитер, автоэлектрик, слесарь КИПиА, "Д" санатты жүргізуші, әлсіз ток жүйелерінің шебері, автокөлікті жөндеуші слесарь сияқты мамандықтар бойынша ұйымдастырылды.

«Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға қыркүйек айында 1050 адам түсті. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 100 АЕК-ге дейін 77 мемлекеттік грант берілген», - деп мәлімдеді жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметінде.

Басқарманың мәліметіне қарағанда, биылғы Жастар жылы аясында жастарды жұмысқа орналастыруға жоғары көңіл бөлінеді. Жастар үшін мамандықтар жәрмеңкелері өткізіліп, оларға жастар тәжірибесінен өту жолдамасы, мамандық бойынша нақты бағыт берілетін болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109