4771

Бұзушылықтарға жол берген жүзден астам автобус жүргізушісі біліктілікті арттыру курстарынан өтті

«Астана LRT» ЖШС-де мәлімдегендей, орта есеппен автобус жүргізушілерінің атына жолаушылар тарапынан күніне жиырмаға жуық шағым келіп түседі. Шағымдар негізінен жол қозғалысы ережелерін бұзу, жүргізушілердің дөрекілік көрсетуі, олардың ақпаратты дұрыс бермеуі, өз міндеттерін орындамауына қатысты болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

«Астана LRT» ЖШС көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығының директоры Жеңіс Жалбыр жолаушылар тарапынан ескерту алатын жүргізушілер үшін арнайы курстардың өткізілетінін айтады.

«Біздің орталықта бұзушылықтарға жол берген жүргізушілер үшін арнайы курстар ұйымдастырылады. 2018 жылы «Астана LRT» ЖШС көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығында 100-ден астам автобус жүргізушісі оқу курстарынан қайта өтті. Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзса немесе оның атына шағымдар түссе, олардың қаншалықты дәйекті екендігі көліктік бақылау департаменті мен қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі комиссия жүргізетін тергеу амалдары барысында анықталады. Ережелерді бұзу оқиғасы дәйекті болса, компания парктің басшылығына жүргізушіні қайта оқытудан өткізу туралы ұсынымын жолдайды. Бұдан бөлек, оның психологиялық-физиологиялық портреті қайта құрастырылады. Күйгелектік танытып, даулы мәселені ушықтыратын адамның қоғамдық көлікті басқаруына жол бермейміз», - деп түсіндірді Жеңіс Жалбыр.  

Компанияда белгілі болғандай, өткен жылы елордадағы қоғамдық көлік жүргізушілерінің «қара тізіміне» 87 адам енген. Олар енді елорданың қоғамдық көлігінде мүлде жұмыс істей алмайды.

«Қара тізім» орын алған бірқатар бұзушылықтың негізінде құрылады. Мәселен, қайғылы жағдайға әкеп соқтырған ЖКО жүргізушіні «қара тізімге» енгізу туралы шешімнің шығарылуына сөзсіз себеп болатыны анық.  

«Жүргізуші қайта дайындықтан өтсе де, оның атына жолаушылар тарапынан шағым бірнеше мәрте түссе, біз оны жұмыстан босату туралы шешім қабылдаймыз», - деді «Астана LRT» ЖШС көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығының директоры.

Алайда, Жеңіс Жалбырдың айтуына қарағанда, жолаушылар тарапынан түсетін шағымдардың басым бөлігі дәйектілігін таппайды.

«Қоғамдық көлік жүргізушілерінің шамамен 5-10 пайызы ЖКО-ның орын аулуынаа жол береді немесе жолаушылардан үнемі ескерту алып жатады. Қайта оқыту сабақтарында әр жүргізушіге өзі жасаған бұзушылықтарға қатысты нақты ұсыныстар беріледі.

Әлеуметтік желілер, «109» қызметі арқылы түсетін шағымдардың жартысы дәйектілігін таппай қалады. Біздің бағдарламалық құралдарымыз барлық жүргізушілердің жұмысын мониторингтен өткізіп, оның аялдамаға тоқтап-тоқтамағанын, жолаушыларды шығарып-шығармағанын, есікті ашып-ашпағанын тексеруге, жолаушылар ағымы туралы ақпарат таратын датчиктер, ішкі және сыртқы камералар автобустағы жағдайды бақылауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Айта кетейік, Астанадағы бағдарлық көлік құралдарының барлық жүргізушілері елордада қоғамдық көлікті басқару құқығын алуға мүмкіндігін беретін оқу бағдарламасын меңгереді. «Астананың бағдарлық қоғамдық көлік құралының жүргізушісі» техникалық минимумы 40 сағатқа созылатын бес күндік курс болып табылады. Оқыту кезінде жүргізушілерді «ақылды қаладағы» жол қозғалысы ережелерінің ерекшеліктерімен, жолақысын төлеудің электронды жүйесін қолдану ережелерімен, қаланың барлық бағдарлық желісімен, олардың қозғалыс сызбасымен таныстырып, жүргізушілердің өзін-өзі ұстау, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету, алғашқы көмек көрсету ережелері түсіндіріледі. Сонымен қатар, жүргізушінің психологиялық-физиологиялық портреті құрастырылып, оның қорытындылары парктің басшылығына жолданады. Парк басшылығы өз кезегінде аталмыш жүргізушінің қоғамдық көлікті басқаруына рұқсат беру туралы шешім шығарады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109