1570

eGov.kz порталында жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру қызметі іске қосылды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» egov.kz-порталында жеке тұлғалардың жазбаларын тексеру қызметінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Бұл сервис азаматтарға туу, өлім, некені тіркеу, ажырасу, бала асырап алу, әкелікті анықтау, аты-жөнін өзгерту сияқты 7 оқиға бойынша акт жазбаларын (оның ішінде 2008 дейін жасалған) цифрлауға және тексеруге мүмкіндік береді.

Енді жоқ немесе дұрыс емес мәліметті түзетуді цифрландыру үшін eGov.kz https://egov.kz/services/SR.18/ порталының сілтемесі арқылы құжаттардың сканерленген көшірмелерін жіберу жеткілікті.

Мысалы, Сіздің балаларыңыздың туу туралы актілік жазбаны тексеру кезінде, бала туралы деректер (тегі, аты, азаматтығы, ұлты, туған күні, ана мен әке туралы деректері) ұсынылған бөлімде дұрыс емес жазбалар енгізілген жағдайда, онда құжаттардың сканерленген көшірмелерін қойып, ақпаратты жаңарту мүмкін болады.

Қызмет көрсетудің нәтижесі АХАЖ АЖ мәліметтерін жаңарту мәртебесі туралы ақпарат болып табылады. Қызметтің көрсетілуі мерзімі - 1 жұмыс күні, қызмет тегін көрсетіледі. Осы сервис электрондық үкімет порталының басты бетінде орналасқан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109