3815

Сарыарқа ауданындағы аулалар жаңа стандарттарға сай абаттандырылуда

Аулаларды кешенді көркейтуге аудан тұрғындары да белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

2018 жылы тұрғындар сауалнамасынан кейін Сарыарқа ауданының әкімдігі аулаларды абаттандырудың жаңа стандарттарын әзірледі. Ауданда 35 аула кешенді абаттандырылып, резеңке жабынмен жабдықталды. Бұл туралы аудан әкімі Арман Тұрлыбек халық алдында есеп беру барысында мәлімдеді.

«2018 жылы Сарыарқа ауданында 16 футбол, 2 баскетбол алаңы мен 24 жаттығу алаңы абаттандырылды. Онда 168 жаттығу құрылғысы, спорттық Workout жаттығу құрылғыларының 3 жиынтығы мен 155 шағын сәулет нысаны орнатылды», – деді аудан әкімі.

Арман Тұрлыбек мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру мәселесі 10 жылдан астам уақыт шешімін таппай жүргенін ерекше атап өтті. 2018 жылы қала әкімдігінің қолдауымен ауданда Қосшығұлұлы көшесі, 19/2, 19/3,14,16 мекен-жайлары бойынша орналасқан тұрғын үйлердің ішкі аумақтарын абаттандыру басталды.

Аталған жұмыс биыл да жалғасын табады.

2018 жылдың басында аудан әкімдігі «Игі істер» акциясын жариялады. Акцияның  аясында тұрғындар жасыл желектерді отырғызуға, үй жанындағы аумақтарды тазалауға, кіреберістерді жөндеуге қатысады,ал әкімдік өз кезегінде аулаларды абаттандыруды жүзеге асырады. Науқан барысында 30-дан астам ауланың тұрғындары тазалық шараларына белсенді қатысып, 1,5 мың ағаш пен бұта және көпжылдық гүлзарлар отырғызылды.

Аудан әкімдігі өз кезегінде осы аулаларда абаттандыру элементтерін ауыстырып, шағын сәулет нысандары мен спорт алаңдарын орнатып, футбол алаңдарын жөндеді.

Осы қыста Сарыарқа ауданының әкімдігі «Қардан таза аула» акциясын жариялаған болатын. Қазір науқанға аудандағы төрт ауланың тұрғындары қатысып жатыр. Олар ауланы қар мен мұздан тазалауда. Тиісінше, осы аулаларда жаз мезгілінде абаттандыру және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Арман Тұрлыбек Сарыарқа ауданы тұрғындарын акцияға атсалысуға шақырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109