1499

Астанада нейрохирургтер мен невропатологтердің тегін кеңес беруі 1 шілдеде өтеді

Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының 5 жылдығы аясында миға ота жасау тәжірибесі мен нейрохирургтер мен невропатологтердің тегін кеңес беруі өтеді.

Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының 5 жылдығы аясында миға ота жасау тәжірибесі мен нейрохирургтер мен невропатологтердің тегін кеңес беруі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Нейрохирургия орталығының баспасөз қызметінен мәлім етті.

2013 жылдың 1 шілдесінде Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының ашылғанына 5 жыл толады. Осы мерекеге орай тәжірибелік ота жасау мен нейрохирургтер мен невропатологтердің тегін кеңес беру мүмкіндігі туындап отыр. 

«Ота жасау бөлмесінен жас нейрохирургтер, резиденттер мен курс тыңдаушылары мидағы ісікті қалай кесіп алып тастайтынын көреді. Сондай-ақ, бұл күні барлық тілек білдірушілерге ашық есік күні өткізіліп, нейрохирургтер мен невропатологтер тегін кеңес береді. Диагностикалық зерттеулер жүргізеді», - делінген хабарламада. 

Жыл сайын орталықта жүйке жүйесіндегі күрделі патологияға байланысты пациенттерге 2 300-ден астам ота жасалады. 4 мыңнан астам пациент орталықтан жыл сайын жоғары санатты нейрохирургиялық көмек алады.

Ғылыми орталық қабырғасында 5 жылда 18 мың пациент емделіп шығып, 10 мыңнан астам ота жасалды. 36 жаңа нейрохирургиялық технология енгізілді.

Орталық бүгінгі күні толық нейрохирургиялық қызмет көрсететін  Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған клиника болып табылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109