1471

Аудан әкімдері тұрғындар алдында есеп бере бастады

Бүгін «Байқоңыр» ауданы әкімі Ерлан Каналимов алғашқы кездесуін Өндіріс тұрғын алабы тұрғындарымен өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Әкімнің есеп беру кездесуі №49 мектепте өтті.

Кездесу барысында аудан әкімі жол-көлік инфрақұрылымына қатысты мәселелер қалай шешілетіні туралы айтып берді. Қазіргі кезде Өндіріс тұрғын алабында 85 көше бар.

«Өткен жылы 3630 шақырымды құрайтын 6 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 4203 шақырымды 15 көшеге ұсақ қиыршық тас себілді. Сонымен қатар, тұрғын алаптың тұрғындарының өтініші бойынша Тайбұрыл көшесінде ұзындығы 127 метрді құрайтын жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді. Осы жылы Үшқоңыр көшесінде ұзындығы 540 метрді құрайтын жаяу жүргіншілерге арналған жол салу жоспарланған», - деді ол.

Одан бөлек, осы жылы Алаш тас жолын жаңғырту қарастырылған. Мұнда  № 69 көшеден «Magnum» СҮ-і қиылысына дейінгі аралықта автобустар үшін бұрылыс салынады.  

Мұнымен қоса, Алаш тасжолы мен Үшқоңыр көшесінің аралығында жатқан Жаңажол көшесін кеңейту қарастырылған. Қазіргі екі жолақты жол төрт жолақты етілмек. Кеңейтілетін жолдың ұзындығы 3 шақырымды құрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109