3706

Елордада үш жаңа Work орталығы ашылады

Жыл аясында қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 1 мың студентті жұмысқа орналастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада қалай жұмысқа орналасуға болады, сондай-ақ жастарға арналған қандай әлеуметтік қолдаулар бар екенін Work орталығынан анықтай аласыз. Ақпараттық пункт – Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Сарыарқа ауданы әкімдігі аппаратының пилоттық жобасы.

Қалада 2018 жылдың 27 желтоқсанынан бастап Гете көшесі, ескі вокзал ауданында орналасқан алғашқы орталық жұмысын бастады. «Тұлпар» сауда үйі, «Шапағат» және «Саянұр» базарлары ауданында тағы да бірнеше нысан орнату жоспарлануда.

«Астана қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директорының орынбасары Данияр Нұрпейісовтің айтуынша, мұндай орталықтар қажетті ақпаратты жылдам алуға көмектеседі. Мұнда кез келген адам жұмыс іздеушілер үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы біле алады. Мысалы, жастар кеңес алу үшін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатыса отырып, мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін ала алады. Ол үшін үміткерлер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс: мамандығы бойынша үш жыл жұмыс істемеген колледж немесе жоғары оқу орынының дипломды түлегі болуы өажет, сондай-ақ ол 29 жастан аспауы тиіс.

Жұмыспен қамту орталығымен қатар, ниет білдірушілер енді Work орталығына өтініш бере алады. Өтініш беру сызбасы бұрынғыдай. Студент орталыққа келіп, өтініш беріп, enbek.kz тұғырнамасына тіркеледі.

«Жұмыс берушілердің үлкен базасы студенттерге бағытталған қызмет бойынша, сондай-ақ сұранысқа ие мамандықтар бойынша тәжірибе ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Әр айдың 25 жұлдызына дейін біз мониторинг жүргіземіз, жұмыс беруші жас маманның жұмыс істеген сағаттары көрсетілген табельді ұсынады. Бұл жерде айта кетерлігі, түлектердің көпшілігі тәжірибе орындарында тұрақты түрде жұмысқа қалады», – деп толықтырды Данияр Нұрпейісов.

Бүгінде «Халықты жұмыспен қамту орталығы» базасында 5 мыңға жуық жұмыс беруші тіркелген. Сұранысқа ие мамандықтардың ішінен педагогтар, тәрбиешілер, дәрігерлер мен санитарлар, сондай-ақ құрылыс саласының бос орындары танымал.

Work center 8:30-дан 18:00-ге дейін ашық.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109