2522

Сарыарқа ауданында сегіз тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі

Барлық нысандарды ағымдағы жылы іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының Сарыарқа ауданында жалпы ауданы 126,3 мың шаршы метрді құрайтын сегіз тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасуда, деп мәлімдеді аудан әкімі Арман Тұрлыбек халық алдындағы есептік баяндамасында.

Атап айтқанда, Кенесары көшесі мен Сарыарқа даңғылының қиылысындағы жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені (МТЖ); Кенесары көшесі мен Т.Шевченко көшесінің қиылысындағы жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар МТЖ; Тілендиев даңғылы мен Қайнар көшесінің қиылысындағы жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар МТЖ; жапсарлас үй-жайлары және Дәулеткерей көшесі бойындағы паркингі бар МТЖ; Сарыбұлақ көшесі мен Московская көшесінің қиылысындағы жапсарлас «Сайран» бірлестігі» ЖШС»; Павлов көшесі мен Ш.Уәлиханов көшесі бойынша «Гарант» ТА; Карталинская көшесі бойынша «Пана» ТК.

Барлық нысандарды іске қосу 2019 жылға жоспарланған.

2018 жылы ауданда жалпы ауданы 64386,6 шаршы метр 11 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Пәтерлер саны – 693. Аумағы 180008,6 шаршы метр әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық сипаттағы 54 нысан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109