3033

Байқоңыр ауданында 90 аула абаттандырылады

Байқоңыр ауданы әкімінің аудан тұрғындарымен кезекті кездесуі бүгін №10 мектеп-гимназиясында өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ерлан Каналимовтың айтуынша, аудан аумағында барлығы 234 аула бар. Оның ішінде 144 аула қанағаттанарлық жағдайда, ал 90-ы жөндеуді қажет етеді.

«2018 жылы біз 53 ауланы абаттандырдық. Биыл аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарын толығымен аяқтаймыз», – деді аудан басшысы.

Тұрғындардың өтініші бойынша аудан әкімдігі киім-кешектер ілінетін алаңдарға ерекше назар аударады. Биыл  мұндай алты алаң орнатылады деп  жоспарланған.

«Ауданда жаяу жүргіншілер жолдарын абаттандыратын боламыз. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдары жоқ немесе олардың учаскелері бос тұрған жеті-сегіз көшені қамтығымыз келеді. Осы сектор бойынша тұрғындар Ғабдуллин 6 мекен-жайындағы тротуар туралы мәселені көтерді. Бұл учаскеде жаяу жүргіншілер жолын 2019 жылы саламыз», – деп уәде берді әкім.

Байқоңыр ауданының басшысы аулаларды жарықтандыру мәселесіне жеке тоқталып өтті.

«Ауданда 452 көппәтерлі тұрғын үй бар. Олардың тек 895 кіреберісі жарықпен жабдықталған. Сондықтан көптеген аулаларда қараңғы. Бұл ретте көптеген шағым түседі. Бұл кешкі уақытта мектептен келген балалар үшін, балаларды балабақшадан алып жүрген жас аналар үшін қауіпсіз. Сондықтан өткен жылы біз өз мүмкіндігімізше 43 ауладағы 122 шамды алмастырдық. Осы жылы қалған аулаларға 515 жаңа шам орнатып, осы мәселені толығымен шешеміз. Біз тұрғындар электр энергиясын тұтыну 60%-ға азайтылсын деген мақсатпен LED - шамдарды орнатқымыз келеді», – деді әкім.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109