3614

Жөндеуді талап ететін үйлердің қасбеттері ретке келтіріледі

Елорданың Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы қасбеттердің жай-күйіне талдау жүргізіп, оларды жөндеу алгоритмін әзірлеуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдікте өткен отырыста Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышев 2018 жылы 486 қызмет көрсететін ұйымға (1 265 үй бойынша) қатысты тексеру жүргізілгенін мәлімдеді.

«2018 жылы жүргізілген жұмыстардың қорытындыларына сәйкес басқарма мен мониторинг және жедел әрекет ету орталығына жүгінулер саны 80%-ға төмендегенін атап өту қажет», – деді ол.

Тексеру қорытындысы бойынша, 466 ұйғарым берілді, 20 тексеріс барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. 439 ұйғарым көрсетілген мерзімде шешімін тапса, 27 ұйғарым орындалмағандықтан сот органдарына жіберілді, оның 19-ы сот шешімімен заңды күшіне енді.

Басқарма басшысының айтуынша, талдау қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарын қызмет көрсететін ұйымдардың қаражатын үнемдеу есебінен және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде қайтарымды қаражат есебінен жүргізу жоспарланып отыр.

«Бүгінгі таңда қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы қызмет көрсететін ұйымдардың жалпы санынан 60%-дан жиналатын қаражаттың шығыс бөлігі туралы ақпарат алды. Қалған 40%-ы ақпарат берген жоқ, сондықтан басқарма 2019 жылдың 25 ақпанына дейін үйлер мен қызмет көрсететін ұйымдардың тұрғындарымен  кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Мәліметтер ұсынылмаған жағдайда, басқарма қызмет көрсететін ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізу үшін материалдарды тиісті органдарға жіберуге мәжбүр болады», – деп қосты Т.Құлышев.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109