1681

Кубрин көшесі осы жылы толығымен жарықтандырылады

Өткен жылы «Сарыарқа» ауданында 42 шағын сәулет нысандарын орнатылып, екі футбол алаңы жөндеуден өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Халық алдында есеп берген аудан әкімі Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының Кубрин көшесін осы жылы толығымен жарықтандыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Кездесу № 60 мектеп-лицейде өтті. Аудан басшысы округтерді абаттандыру мәселесіне ерекше тоқталып өтті.

Оның айтуына қарағанда, 2018 жылы Бөгенбай батыр көшесі, 6/3; Кубрин көшесі, 20/1, 22/1; Сейфуллин к-сі, 3; Күмісбеков көшесі, 9/1; Жамбыл к-сі, 8 үйлерінің квартал ішіндегі аумақтары мен аулалары абаттандырылған.

Аулаларда 42 шағын сәулет нысандары орнатылып, екі футбол алаңында жөндеу жұмыстары жүргізілсе, тағы бір футбол мен 24 құрылғымен жабдықталған үш жаттығу алаңы құрылған болатын

2018 жылы Сарыарқа даңғылы бойындағы №27 үйдің жанында жаттықтырғыштары бар гүл бағы ашылды. Осы жылы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Сарыарқа даңғылы бойындағы №23 үйдің жанына тағы бір гүл бағын салуды жоспарлап отыр.

«Өткен жылы Сейфуллин көшесі мен Сарыарқа даңғылының бойында Күмісбеков көшесіне дейін 100 ағаш егілді. Күмісбеков көшесіне 60 ағаш егілді. Әр ағашты күтіп баптау керек. Күмісбеков көшесінде құрылыс жұмыстарына байланысты ағаштарды қайта отырғызу шаралары жүргізілді»,– деді аудан әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109