1667

Елордалық спортшылар шорт-тректен республикалық Жастар ойындарында жеңіске жетті

Жастар ойындары наурыз айының соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жарыстың ресми ашылу салтанаты Шымкент қаласында өтті. Дүбірлі додада еліміздің 11 өңірінен 90 спортшы шеберлік байқасты.

Елордалықтар шорт-трек жарысында алғаш рет үздік нәтиже көрсетіп, республикалық жарыста жеңімпаз атанды.

Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша 1500 метр қашықтықта Санжар Жанисов «алтын» медальға қол созса, қыздар арасында осы дистанцияда Іңкәр Нұрланова Астана құрама командасының қоржынына күміс медаль салды.

Келесі күні 500 метр қашықтыққа конькимен жүгіруде спортшылар, сәйкесінше бірінші және үшінші орындарға ие болды. Ал эстафета финалында қыздар 4-орынға тұрақтаса, ұлдар басты сынға жолдама алды.

«Шорт-тректен 1000 метр қашықтыққа жүгіруде ұлдар арасында Айбек Насен алтын, Санжар Жанисов күміс жүлдеге қол жеткізді. 1500 метрлік дистанцияда суперфиналда Санжар Жанисов пен Айбек Насен сәйкесінше, алтын және күміс медальды еншіледі», – деп мәлімдеді Мәдениет және спорт басқармасында.

ІІІ Қазақстан Республикасының Қысқы жастар ойындарында сәтті өнер көрсеткен астаналық құрама команда жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Алматы қаласы екінші, Қостанай облысының спортшылары үшінші орынға табан тіреді.

Қазақстан Республикасының Қысқы жастар ойындары – төрт жылда бір рет өтетін кешенді жарыс.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109