2967

Алматы ауданында гүл бақтарының саны артып келеді

Өткен жылы ауданда алты гүл бағы пайда болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Рысқұлбеков, Сәтпаев, Иманов көшелерінде, сондай-ақ Интернациональный және Железнодорожный тұрғын алаптарында саябақтар пайда болды. Сондай-ақ, велосипед, жүгіру жолдары, ойын алаңы және workout-аймақ салынып, Есіл өзенінің жағалауындағы саябаққа шағын сәулет нысандары орнатылды.

Ауданда 235 аула абаттандырылып, 1860-тан астам шағын сәулет нысандары мен көше тренажерлері орнатылды. Сонымен қатар, 63 workout және спорт алаңдары салынып, 47 мың шаршы метр тасжол төселді.

«Бүгінгі таңда ауданның 387 ауласының 84%-ы абаттандырылған. Олардың барлығы жақсы жағдайда. Ауданда 6440 мекенжай тақтасы орнатылды. Қысқы демалысты ұйымдастыру мақсатында ауданда «Ақбұлақ» жағалауында, Президенттік саябақта, «Жерұйық» және «Қазақ Елі» монументі алаңында төбешіктер мен мұз айдындары бар 4 кешенді алаң ұйымдастырылды. Ауданда барлығы 14 мұз айдыны бар», – деді аудан әкімі Әділбек Сәрсембаев халыққа есеп беру кездесуі барысында.

Бұл нысандарға 45 мыңнан астам адам келген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109