4228

«Алматы» ауданында жаңа жолдардың қай жерлерге салынатыны белгілі болды

Биыл 35 мың шаршы метр жол жабындысын жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Осы жылы 35 мың шаршы метр асфальт-бетон жабынын,  Б. Момышұлы (Қ. Сәтбаев пен А. Тоқпанов көшелерінің аралығы) даңғылындағы және Қ. Сәтбаев көшесіндегі (Күйші Дина көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейінгі аралық) жаяу жүргіншілер жолдарының 16 мыңнан астам шаршы метрін жөндеу, аулалардағы (Тәуелсіздік д-лы, , 6/1, 6/2, Жирентаев к-сі 2, Жансүгіров к-сі, 4/3) тұрақ орындарына абаттандыру жұмыстарын жүргізетін боламыз», - деді аудан әкімі Әділбек Сәрсембаев бүгін халыққа есеп беру барысында.

Бұдан бөлек, оның айтуынша, «Өнеркәсіптік» алабында 5 көшенің құрылысы басталады. Сондай-ақ, Теміржол алабында 7 көшенің құрылысына қатысты жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде.

Сондай-ақ, Достар шағын ауданында және «Саламат» ТК-ні ауданында квартал ішіндегі өтпе жолдарды жайластыру жұмысы жүргізілетін болады.

Мұнымен қоса, Оңтүстік-Шығыс (сол жағы) ықшам ауданындағы 19 көшенің құрылысына қатысты жобалар бар.  

Осы жылы Тәуелсіздік даңғылы бойынша Есіл өзені арқылы өтетін алты жолақты автомобиль және жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің құрылысы бойынша жобаны іске асыру көзделген, ол оң және сол жағалауды байланыстырады. Аудан бойынша 70 желден қорғайтын және 10 жылы аялдама кешені орнатылады. Осы жылы «Алматы» ауданының 25 ауласын жарықтандыру жұмыстары аяқталмақ. Осылайша ауланы жарықтандыруға қатысты сұрақ өз шешімін табады», – деді әкім.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109