3428

Төлеген Закарьянов: «Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өзекті мәселелердің бірі»

Елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2018 жылы Есіл ауданында 616 сыртқы бақылау камерасы және «Сергек» бейне-бақылау жүйесінің 100 камерасы орнатылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда 900 сыртқы бақылау және 520 «Сергек» камерасы жұмыс істеп тұр.

«Қазақтелеком» АҚ күшімен Есіл ауданында «кіреберістерге арналған бұлтты бейнебақылау» жобасымен 82 тұрғын үй қамтылды, 750 IP-камера орнатылды, 15996 адам өз үйлерін онлайн режимінде қарайды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады. Қазір біз Есіл ауданы аумағында Ақкөл қаласының аналогы бойынша «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз», – деді аудан әкімі Төлеген Закарьянов халықпен кездесуде.

Ол құрылыс пен коммуналдық секторда заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл бағытта «Астана Innovations» АҚ-мен бірлесіп, «Е-ПИК» жобасы жүзеге асырылды. Тұрғын үй қоры осы жүйемен 100% қамтылған. Шарттар жасалып, қызмет көрсететін барлық ұйымдар бірыңғай жүйеге қосылған.

«Жоба тұрғындар үшін жұмыс істеп, қызмет көрсететін ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді», – деп түйіндеді спикер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109