1678

Астана әкімдігінің құрамасы мемлекеттік қызметкерлер арасында мини-футболдан турнирді бастады

«Qazaqstan qyzmet cup: túngі futbol ligasy» турнирі «Астана Арена» стадионында өтуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Турнирді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Астана әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы және «Qazaqstan sport league» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Кубок үшін 24 команда сынға түседі. Олардың ішінде Президент Әкімшілігі, Парламент, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Астана әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы және бірнеше министрлік пен бірқатар ұлттық компанияның құрамалары бар.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, өтінімдер саны белгіленген лимиттен асып түсті.

«24 команда алты командадан төрт топқа бөлініп, әр топтың үздіктері басқалармен түйіскен матчтарда ойнайтын болады», – деді «Qazaqstan sport league» құрметті президенті Әділбек Басекеев.

Турнир 2,5 айға дейін жалғасады. Астана әкімдігінің командасы өзінің алғашқы матчында Парламент құрамасын 4:2 есебімен жеңді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109