2020

Есіл ауданында жаңа жолдардың қайда салынатыны белгілі болды

Есіл ауданының әкімі Төлеген Закарьянов халықпен кездесуінде жаңа жолдар салынып, аулалар абаттандырылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ағымдағы жылы Тұран даңғылынан Нұра - Есіл арнасына дейінгі учаскеде №31 көшенің, Тұран даңғылынан №37 көшеге дейінгі учаскедегі № 26 көшенің, сондай-ақ Тұран даңғылынан Бейсекова көшесіне дейінгі учаскеде Хусейн бен Талал көшесінің, Мәңгілік Ел даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде №29 көшенің, Тұран даңғылынан «САТ Констракшн групп» МТЖ-ға дейінгі учаскеде Е22 көшенің және Е10, Е30, Е15, Е25 көшелерінің құрылысы жоспарлануда.

Бұдан өзге, №199, Е16, Е41, Е17 шекараларындағы көшелер, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпір және Орынбор көшелері шекарасындағы№ 39, № 26, №31 ( № 37, 38, 28 көшелері) тұрғын үй алабы жолдарының құрылысы жоспарланып отыр.

«Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы» жобасының құрылысы жүзеге асырылуда. Оның аясында Астана дамуының бас жоспарында көзделген к-1 айналма жолының бір бөлігі болып табылатын учаске құрылатын болады. Бұл қала арқылы өтетін автокөлік құралдарының ағындарын елорданы айналып өтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жүк көлігін қаладан тыс жерлерге шығарып, елордада көлік ағынын жеңілдетеді», – деді Т. Закарьянов.

Автомагистраль төрт бөлікке бөлінген және ол  3 көпір мен 4 көлік айырығын қамтиды.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы аудан билігі ауданның тұрғын алаптарында 29 көшені жарықтандыруды, 15 орамішілік өтпе жолдардағы шұңқырларды жөндеуді, 10 тұрғын үй кешеніне жаңа декоративтік жарықтандыру орнатуды және 10 аула аумағына кешенді абаттандыруды жүргізуді жоспарлап отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109