756

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың әлеуметтік мәртебесі расталды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында азаматтардың мәртебесін өзектендіру мақсатында ұйымдастыру шараларының кешені жүргізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Статистикалық мәліметтер бойынша, елордада 2018 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысына сәйкес 35 695 мың өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат тіркелген.

«Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың мәліметтерін өзектендіру және өңдеу BIG DATA деректер қоры, жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры, тұрғындарды тіркеу арқылы жүргізіледі. 30 қаңтардағы жағдай бойынша, 73 925 азаматтың әлеуметтік мәртебесі расталды. Елорданың 55 353 тұрғыны мәртебесін анықтау шаралары өңделуде», – делінген қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының хабарламасында.

Қазіргі уақытта ведомство 1 қаңтардан бастап әрекет ете бастаған бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. ШОБ-тың жаңа құқықтық режимін енгізу салық органдарында формальды емес жұмыспен қамтылған қызметті тіркеудің оңайлатылған тәртібін көздейді.

Бұдан басқа, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Астанада жұмыспен қамтуды формализациялау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша Жол картасы бекітілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109