1552

Алматы ауданында зейнеткерлерге арналған 3 демалыс орталығы ашылады

Азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауында, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Халыққа есеп беру кездесуінде Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев 2019 жылы ауданда тұрғындардың өмір сүруі, жұмысы және демалысы үшін қолайлы, қолжетімді және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатынын айтты.

«Азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері үнемі бақылауда. Көмекке мұқтаж адамдарды анықтай отырып, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін, зейнеткерлерді, аз қамтылған азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау бойынша әлеуметтік акциялар өткізу бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады», – деді Ә.Сәрсембаев.

Ол атап өткендей, ауданда аула клубтары мен демалыс орталықтарын ашу тәжірибесі жалғасын табады. Бүгінгі таңда зейнеткерлер үшін үш бос уақыт орталығын ашу жоспарланған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109