11136

Астана әкімі Халықаралық паралимпиялық комитеттің президентімен кездесті

Астана әкімдігінде елорда әкімі Бақыт Сұлтанов пен Халықаралық паралимпиялық комитеттің президенті Эндрю Парсонстың кездесуі өтті деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Кездесу барысында Бақыт Сұлтанов елорда әкімдігі мен ҚР Ұлттық паралимпиялық комитетінің бірлескен күшімен Астанада мүгедектігі бар жандардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін заманауи Паралимпиялық жаттығу орталығының ашылғандығын атап өтті.

«Қазіргі таңда Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған бағдарлама іске асырылып жатыр. Сонымен қатар, паралимпиялық спорт – өмірдің қиындықтарына қарамастан адамның ел дамуына өзінің сүбелі үлесін қоса алатындығын дәлелдеудің ең жарқын тәсілі.  Мүмкіндігі шектеулі жандар қатысатын халықаралық жарыстарда Қазақстанның туы биікке көтерілгенде бойды билейтін мақтаныштан артық сезім жоқ шығар», – деді Бақыт Сұлтанов.

Эндрю Парсонс мырза Астанада заманауи көпбейінді спорт кешендерінің жұмыс істейтіндігін тілге тиек етті. Бұдан бөлек, ол мемлекеттік мекемелердің Қазақстанда паралимпиялық спорт түрлерінің дамуына қолдау көрсетуін жоғары бағалады.

«Мен Астанадағы түрлі спорттық орталықтардың жұмысына, Паралимпиялық жаттығу орталығының жұмысына тәнті болдым. Біз болған спорт кешендерінде мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, біз арнайы білім беру бағдарламасы іске асырылып жатқан № 83 мектепке де барып қайттық. Оның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға деген қарым-қатынасты өзгерту»,– деді Халықаралық паралимпиялық комитеттің президенті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы жазда Астанада парапауэрлифтингтен өтетін Әлем Чемпионатын өткізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, алдағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109