9579

Ауа райының нашарлауына байланысты елорда әкімі қала тұрғындары мен қонақтарына өтініш жасады

Астанада боран басталып, аяз күшейді. «Қазгидрометтің» ақпараты бойынша 5 ақпанда Астана аумағында қар, бұрқасын, батыстан, солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метр, 6-7 ақпанда түнде аяз -37-39 градусқа дейін күшейетін болады. Осыған байланысты қала әкімі Бақыт Сұлтанов қала тұрғындары мен қонақтарына өтініш айтты.

Әкім барлық ұйымдардың басшыларын және жеке кәсіпкерлерді аязда қалған жандарға көмек көрсетуге және жұмыс, оқу, тұрғын-үй жайларындағы жылуды қамтамасыз етуге назар аударып, сондай-ақ, далада тұрған адамдарға жылынуға рұқсат беруге, мүмкіндік болса, олардың бойын жылытуы үшін ыстық шай беруге шақырды.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қатты аяз күндері тұрғындарға мұқият болу, бір-біріне қамқорлық көрсетіп, жаяу жүргіншілерді мүмкіндігінше жеткізіп салғандары дұрыс.

Қала басшысы мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, кәсіпкерлік нысандар (базарлар, СОСО) және құрылыс алаңдарында жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды. Ал қала тіршілігін қамтамасыз ететін өрт сөндіру қызметі, полиция қызметі, төтенше жағдайлар департаменті, жедел медициналық көмек, медициналық мекемелер, коммуналдық қызмет қызметкерлері әдеттегі кестеге сәйкес жұмыс істейді.  

Аудан әкімдері ПИК-термен бірлесе отырып тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғын үйлердің қасбеттерін және үй-жайлар шатырының, қоршаулардың ұшуынан болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелерін пысықтауы керек.

Одан бөлек, әкім қалалық коммуналдық қызметтерге қоғамдық көлік жолаушыларына арнап аялдамаларда және адам көп жиналатын орындарда жылыну орындарын ұйымдастыруды, ТЖД-не жұмысты күшейтуді тапсырды.  

Сонымен қатар, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаладан Тельман кенті, Қосшы және Пригородныйға қатынайтын негізгі бағыттар бойынша ТЖД арнайы техника кезекшілікте жүретін болады. Құтқарушылар «Азия парк» СҮ, «Саянұр-2» ТК,  Бейсекова көшесінен қатынайтын болады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109