2940

Аяздан қалай сақтану керек

Ауа райының нашарлауы туралы дер кезінде хабар алғанмен, кез келген адам қар құрсауында қалуы мүмкін. Қала әкімшілігі тұрғындарды бейжай қарамай, мүмкіндігінше бір-біріне көмектесуге шақырады, деп xабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Астанадағы кезекті қолайсыз ауа райында жүргізушілер адамдарды тегін тасымалдап, кәсіпкерлер өз мекемелерінде тұрғындардың жылынуына жағдай жасауда. 

Сонымен қатар, Астана қаласы ТЖД комитеті ауа райы болжамдарын мұқият қарауға шақырып, бірнеше ұсыныммен бөлісті. Өйткені әдетте, біздің азаматтарымыздың абайсыздығы немесе қауіпсіздік шаралары және қысқы жағдайда өзін-өзі құтқару ережелерін білмеуі материалдық шығындарға және тіпті адамдардың қаза болуына әкеп соқтыруы мүмкін.

- Сіз автокөлікте келе жатқанда жел тұрып немесе боран соқса, тоқтау керек, тұрақты белгілеп, жарқын түсті матаны ілу керек. Машинаны жалюзимен толық жауып, радиатор жағынан қозғалтқышты бүркеңіз.

- Машинаны желге қарай капотпен орналастырыңыз. Отынды үнемдеңіз, пешті үздіксіз қоспаңыз. Ылғал немесе қардың түсу қаупі кезінде есіктердің бірін үнемі жауып тұрыңыз, салонның ішінде қамалып қалмас үшін қарды жылжытып, тазалап тұрыңыз.

- Егер сіздің автокөлігіңіз жолда сөніп қалса, үрейленбеңіз, жағдайды, бағдарларды, орналасқан жерін, елді мекенге дейінгі қашықтықты және т.б маңызды белгілерді жақсылап қарап алыңыз. Жүруге шешім қабылдаған жағдайда трассаны, асфальтты назарда ұстаңыз.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазгидрометтің" ақпараты бойынша,  Астана аумағында 5 ақпаннан бастап қар жауып, боран соғады, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, 6-7 ақпанда түнде 37-39 градус аяз болады. Астана әкімі қала тұрғындарын бір-біріне мұқият болуға, мүмкіндігінше қатты аяз кезінде жаяу жүргіншілерді тасымалдауға шақырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109