3691

Made in KZ: спорттық киімдердің бренді елордада қалай дамып жатыр

Қазақстандық киім-кешекті қайдан табуға болады? Қазақстандық қандай брендтер бар? Сондай брендтің бірімен сіздерді+ әкімдік сайты таныстырады.

«Metropolitan Textile» ЖШС-і 2015 жылдан бері спорттық және арнайы киімдер тігумен айналысады. Олардың клиенттерінің арасында - The Ritz-Carlton Astana, Hilton Astana, "Жігергаз", "Эталон авто" желісі, КАЗГЮУ, Назарбаев университеті бар.

«Назарбаев университеті үшін біз екі жыл қатарынан олардың волейбол, футбол, баскетбол командалары үшін және университеттік символикасы бар киімдер тіктік», – дейді «Metropolitan Textile» директоры Алмагүл Қасымова.

Спорттық киімнің физикалық белсенділікке байланысты бірқатар арнаулы сипаттамалары болуы тиіс. Өндірушілер осының бәрін есепке ала отырып, арнайы мата таңдап, ерекше функционалдық пішім қолданады.

Жақында фирма жаңа бағытты дамытуды қолға алыпты. Енді мұнда  күнделікті өмірге арналған спорттық киімдер тігіледі.

«Біз өзіміздің Evol.Collab брендін дамытуды бастадық,  жеке тапсырыспен де киім тігеміз. Қазір көрсетілімге арналған үлгілер тігудеміз», – деді А. Қасымова.

Жеке тапсырыспен спорттық киім тігуге сұраныс жоғары болуы тиіс. Evol.Collab брендін жасаушы осы бағытты дұрыс деп есептейді. Тікелей корпоративтік тапсырыстарды орындау жақсы шешім деп ойлайды.

Алмагүл Қасымова «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бостон университетінің Куэстрома бизнес мектебінде алды.

Тігін фабрикасы шағын. Қазір онда сегіз адам жұмыс істейді. Алты тігінші бар. Конструктор-пішуші және технолог қызметін бір адам, қоймашы-қаптаушы әрі сосын таңбалаушы мен сапасын бақылаушы қызметін бір адам атқарады.

Алмагүлдің айтуынша, жаңа коллекцияны @evol.collab инстаграм парақшасынан көруге болады. Ал шоурум дайын болғанда, ұнаған киімді киіп, өлшеп көруге де болады. Ол тігін фабрикасының дәл жанында орналасатын болады.  

«Біз тіккен киімдер адамды көп жылдар бойы қуантса дейміз, сол себепті де жеке тапсырыспен тігеміз. Біз коллекциямызда қыздар үшін бес, ерлер үшін бес үлгі тігеміз. Бәрін бір-бірімен алмастырып түрлендіруге болады. Біздің бренд танымал болcа дейміз. Тұтынушылар әр киімнің сапалы және ерекше екеніне көз жеткізетін болады», – дейді Алмагүл Қасымова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109