1514

Астана клиникаларында үш жүзден астам шетелдік ем алды

Маркетингтік зерттеулерге сәйкес, шетелдіктерді кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантология, репродуктивті медицина, стоматологиялық қызмет, ортопедия, сондай-ақ сауықтыру рәсімдері қызықтырады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының мәліметі бойынша, отандық клиникалардың басты артықшылығы қазіргі заманғы медициналық технологиялар мен жаңа нысандар, медициналық қызметтердің арзандығы, сапа стандарттары (ұлттық және халықаралық аккредиттеу JCI), оңалту үшін бірегей табиғи көздері, тиімді географиялық орналасуында. Сонымен қатар, Қазақстан – қауіпсіз тұрақты ел.

Өткен жылы тоғыз жетекші клиникада 300-ден астам шетелдік ем алды. Шетелдіктерге кардиохирургиялық, нейрохирургиялық, трансплантологиялық, репродуктивтік, ортопедиялық және сауықтыру қызметтері көрсетілді»,– деп хабарлады ДСДРО-да.

Астанада алты медициналық орталықтың JCI халықаралық аккредиттеуі бар. Оларға Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы, Республикалық диагностикалық орталығы, Балаларды оңалту ұлттық орталығы, «Ұлттық кардиохирургиялық орталық» АҚ, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ, ҚР ПІБ Медициналық орталық ауруханасы жатады. Бұл ұйымдарда әлемдік деңгейдегі дәрігер-мамандар жұмыс істейді.  Осы орталықтардың медициналық қызметпен қамтамасыз ету мүмкіндігі жан-жақты.

Шетелдік пациенттердің Қазақстандық медициналық ұйымдардың қызметі туралы, олардың жабдықталуы, ұсынылатын қызметтері мен білікті мамандары туралы ақпарат алуға ағытталған www.medicaltourism.kzбірыңғай онлайн порталы іске қосылған.  

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109