3896

Тоңып қалған елорда тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ таратылуда

«Сарыарқа» ауданы әкімдігі кәсіпкерлермен және «Астана жастары» ресурстық орталығымен бірлесіп, аялдамаларда, көшеде ыстық шай мен бауырсақ таратуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты игілікті істер жасау жалғасуда. Игі істерді «Сарыарқа» ауданы кәсіпкерлерінің бірі жалғастырды. Қазақтың ұлттық тағамдарының фуд-трэгі My Baursaq «Астана Жастары» еріктілерімен бірге тоңып қалған тұрғындарға ыстық шай мен жаңа піскен бауырсақтарды беріп, шынайы жылулық сыйлады.

«Кейінгі уақытта жақсылық жасау туралы айтылып жүрген соң, жақсылық жасап жүргендердің де саны артып келеді. Ол, әрине, осы күндері жақсы қолдау табуда. Біздің ауданымыздағы кәсіпкерлердің көбісі жақсылық жасау науқанына өз үлесін қосуда. Олар адамдардың жылынуы үшін ыстық шай мен бауырсақ үлестіруде. Жақсылық жасау ары қарай да жалғасын табады деген ойдамын. Бұл біздің ізгі дәстүрімізге айналсын!», – деді «Сарыарқа» ауданының баспасөз хатшысы Бибігүл Абыддин.

Ауданда тонған жандардың бойын жылытуға арналған бірнеше орын бар. Сол жерлерде азаматтарға ыстық шай мен бауырсақ ұсынылуда. Олардың арасында «Дәулет» СҮ ауданы, Арман ауданындағы «Арман» дүкені, «Астықжан» СҮ, «Рахмет» СҮ, «Саянұр», «Көктем», «Шапағат», Алтай» базарлары, Қосшығұлұлы көшесіндегі «Евромолл», «Солтүстік» ОСО, сондай-ақ, Технопарк ауданы, «Әсем», «Сарыарқа» базары, «Сәлем» дәмханасы бар.

Ал еріктілер #жақсылықжаса #делайдобро акциясын жалғастыруда. Әлеуметтік желілерде адамдарды тегін жеткізіп салу және көлікті қыздыруға көмек ұсынып жатқандар көп.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109