Қала маңына қатынайтын №308 бағдардың қозғалысы қалпына келтірілді
Астана қаласының қоғамдық көлігі бағдарларының қозғалысы туралы ақпаратты «Астана LRT» ЖШС жариялады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Қала маңына қатынайтын №308 бағдардың қозғалысы қалпына келтірілді. Сондай-ақ, жолаушыларға № 301, 302, 303, 304, 306, 307, 310, 311, 313, 316, 318, 320 бағдарлар қыз көрсетуде.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын № 300, 305, 309, 312, 315, 317 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды», – делінген компанияның хабарламасында.
Сонымен қатар, «Астана LRT» ЖШС жолаушыларды абай болып, үсік шалу оқиғаларын болдырмау мақсатында өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Қозғалыстың қалпына келтірілгендігі туралы ақпарат «Астана LRT» ЖШС-нің facebook, instagram парақшаларында және www.alrt.kz сайтында жарияланатын болады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz