Аязға байланысты «Нұржол» желекжолында көлік тұрағы бүгін тегін болады
Қала тұрғындары ауа райының қолайсыздығына орай өзара көмек көрсету акциясын жалғастыруда, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
«Құрметті автокөлік иелері! Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Нұржол» желекжолындағы тұрақ бүгін, 8 ақпанда тегін», – делінген «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС-ның хабарламасында.
Белгілі болғандай, Қазақстан астанасында апта бойы қатты аяздың беті қайтпай тұр. Мектептерде сабақ тоқтатылып, кәсіпорын басшыларына қызметкерлерді жұмыстан ерте босату ұсынылды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz