1840

Бүгін «Астана Опера» театрында «Евгений Онегин» операсының премьерасы өтеді

Әлемдегі ең репертуарлық спектакльдердің бірі – «Евгений Онегин» операсы 8 және 9 ақпан күндері «Астана Опера» театрында ұсынылмақ, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қоюшы – режиссері Давиде Ливермор. Ол орыс операсын сахнада алғаш рет қояды.

«Мені жиі ойлантатын мәселе, опера кейіпкерлерінің тағдыры. «Богемада» Мими қайтыс болғаннан кейінгі Рудольфтің, «Травиатада» Виолетта қайтыс болғаннан кейінгі Альфредтің тағдыры ойлантады. Татьяна өлім алдында Онегинді еске алып, тағдырында өшпес із қалдырған махаббат туралы бір сәт еске алдыма екен деп өзімнен сұрап қоямын», дейді Давиде Ливермор

Бұл ретроспективті көзқарас ол қоятын «Евгений Онегин» операсында  Татьяна қартайған шағын бере отырып ұсынылған. Ол тағы бір рет жауапсыз махаббат туралы естеліктермен өмір сүреді. Өзінің жастық шақтағы шуақты күндерге толы махаббаты мен қасіретті тағдырын тағы басынан кешпекке еске алады. Қарапайым махаббат оқиғасы шеңберінен алысқа өрбитін осы көрнекті тарихта әдеп, ар-намыс және қоғам туралы баяндалады.

«Давиде Ливермор концепцияны бізге жолдағанда біз аздап таңғалдық. Онда ол былай бастайды. Ол ұзақ өмір сүріп ана дүниеге аттанар алдында өзінің балалық, жастық шағын есіне алады. Опера басталғаннан аяғына дейін қартайған Татьянаның сол бір жастық шақтағы жалынды махаббаты және оның орындалмай қалған арманы туралы еске алуымен өтеді. Және ол әр қашан көлеңке ретінде сахнада болады. Мүмкін біреулерге бұл концепция ұнамайтын шығар бірақ, әлем өзгеруде, таным өзгеруде. Бұл операға деген және Татьяна мен Онегиннің қарым-қатынасына деген жаңа көзқарас. Мен көрермен біз ұсынған концепцияның мағнасын түсінеді деген ойдамын», дейді «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедьяров.

Оның концепциясын Алан Бөрібаев жоғары бағалады.

«Давиде Ливермор өзінің қызықты тұжырымдамасын ұсынды. Дирижер ретінде мен үшін Д. Ливермордың материалмен жұмыс жасау кезінде бірінші кезекте партитураға, музыкаға сүйенетіні маңызды», – деді қоюшы дирижер, «Астана Опера» театрының бас дирижері Алан Бөрібаев.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109