2238

Зейнеткерлерді тонаған күдікті ұсталды

Ер адам бұған дейін де осыған ұқсас қылмысты жасағаны үшін жауапқа тартылған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері зейнеткерлерге қатысты бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен 34 жасар ер адамды қолға түсірді.

«Зиянкес зейнеткерлердің мүлкін ұрлаумен айналысқан.Осылайша тұрғын үйлердің аулаларында ауыр сөмкелері бар қарт адамды көріп, сөмкелерін кіреберіске немесе пәтеріне дейін жеткізуге көмектескен. Сонымен қатар, ер адам сөмкеден бағалы заттарды, ақша салынған әмияндарды және ұялы телефондарды ұрлап кеткен», – деп хабарлады полициядан.

Күдікті қазіргі таңда тергеу изоляторына қамалды, оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ер азаматтың осындай қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды.

Осы тұлғадан зардап шеккен азаматтар болса, «Сарыарқа» аудандық ПБ хабарласуларын өтінеміз. (Ақбұғы 2 көшесі) Астана қаласы ПД немесе тел:71-66-74, 71-66-76, 71-60-69 немесе 102.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109