Ауа райы: аяз бәсеңдейді
Елордада күн жылынатын болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 9 ақпанда күн бұлтты болады, таңертең және күндіз қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с дейін, Ауа температурасы түнде -22-24°С, күндіз -11-13°С.
10 ақпанда көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын өзгертіп батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -18-20°С, күндіз -16-18°С құрайды.
11 ақпанда көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады. Батыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с дейін жетпек. Сынап бағанасы түнде -22-24°С, күндіз -15-17°С көрсетеді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz