Қала маңына қатынайтын кей бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды
Астана қаласының қоғамдық көлігіне қатысты жаңалықтарды Астана LRT facebook, instagram парақшаларынан және www.alrt.kz сайтынан біле аласыздар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
«Құрметті жолаушылар! Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын № 305, 309, 315 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, № 300, 301, 302, 303, 304, 306, 307, 308, 310, 311, 312, 313, 316, 317, 318, 320 бағдарлардың қозғалысы әдеттегі кестеменжалғасуда. Сізден барынша сақ болып, үсіп қалмауларыңызды және өз сапарыңызды алдын ала ойластыруыңызды сұраймыз. Қозғалыстың қалпына келтірілгендігі жайында қосымша хабарлайтын боламыз», деп хабарлады «Астана LRT» компаниясы.
Астана қаласының қоғамдық көлігіне қатысты жаңалықтарды Астана LRT facebook, instagram парақшаларынан және www.alrt.kz сайтынан біле аласыздар.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz