7882

«Есіл» ауданы әкімінің есептік кездесуіне 3 мыңға тақау адам қатысқан

Кездесулер барысында аудан әкімі Төлеген Закарьяновқа 253 өтініш түскен, соның 182–і ауданның жұмыс жоспарына еніп отыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Есіл» ауданының әкімі Төлеген Закарьянов 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында «Пригородный», «Шығыс Ильинка», «Заречный» және «Тельман» тұрғын үй алаптарын қоса алғанда аудан тұрғындарымен жеті есеп беру кездесулерін өткізді.

Кездесулерге 2850 адам қатысқан.  Аудан тұрғындарынан 253 өтініш түскен. Анализға сай аудан әкіміне тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша – 51, жолдарды жөндеу және салу, абаттандыру және жаяу жүргіншілер өткелдерін және бағдаршамдар бойынша -27, қоғамдық көлік және аялдама павильондары бойынша - 23, аулаларды абаттандыру, саябақтарды құру бойынша – 21 сұрақ қойылған. Инженерлік желілер, бос уақытты тиісті өткізу және қауіпсіздік, білім беру және денсаулық сақтау мәселелері көтерілген.

«Пригородный», «Заречный», «Тельман» тұрғындарымен кездесу барысында негізінен балабақша, мектеп құрылысы, жол-көлік инфрақұрылымы мен инженерлік желілерді дамыту талқыланды.

«Шығыс Ильинка» тұрғын алабының тұрғындарын толғандырып жүрген өткір мәселелер жеке тұрғын үй құрылыстарына инженерлік желілерді жеткізу.  Осы жобаны талқылау кезінде жолдар, жаяу жүргінші жолдары құрылысы, сумен жабдықтау және су бұру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық, көше жарығын орнату, тұрғын үйлерде аншлагтар орнату, автобус бағдарларының жұмыс істеуі, жобалық көшелерге белгілі тарихи тұлғалардың атын беру, «Шығыс Ильинка» тұрғын алабының атауын өзгерту проблемалары көтерілген.  

Аудан әкімінің тұрғын үй кешендері тұрғындарымен кездесулерінде автобустар қозғалысының кестесі және аулаларды абаттандыру, қасбетті жөндеу, қосымша мектептер мен балабақшалар, орталықтар құру және балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру талқыланды.

«Кездесулерде жуықта қаламызда болған қайғылы жағдайға байланысты көпбалалы аналарға үй беру, тіркеуге тұру, материалдық көмек көрсету мәселесі жиі көтерілді», деп хабарлады аудан әкімдігі.

Жалпы көтерілген 253 сұрақтың 15-і бірден сол жерде шешімін тапқан, ал 30 сұрақ бойынша сол жерде түсіндіру жүргізілген, 26 жан алғыс білдірген. Олар білім беру объектілеріне кіретін жолдар мәселесі, «Пригородный» тұрғын алабының саяжай қоғамдастықтарының аула аумақтарын көркейту, санитарлық тазалық, аулаларды жарықтандыру, әлеуметтік әлсіз тұрғындарға қамқорлық көрсету мәселелері бойынша.

Қалған 182 мәселе аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына енгізілген, тиісті қалалық басқармалармен пысықталады және шешімін тапқанға дейін бақылауда болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109